Роналду агенті Моуриньоны «Реалдың» трансферлік мақсатына айналған «Барселонаның» ойыншысын әкелуді көздеп отыр
Жозе Моуринью «Реалдың» тізгінін ұстап қалуға бір қадам қалды, енді португалиялық маман құрамды жасақтауға барынша назар аударуда. Ол «Барселонаны» да қалаған ойыншысынан айырудан тайынар емес, деп хабарлайды Sports24.kz.
As басылымының мәліметінше, «особенный» Флорентино Перес пен клуб басшылығына жартылай қорғаушы Бернарду Силваны алу туралы белсенді түрде ұсыныс жасап отыр. Айта кетейік, ол қазір еркін агент атанды.
Португалиялық ойыншының өкілі Жорже Мендеш (Криштиану Роналдудың да агенті) бұрын да клиентінің қызметін ұсынған болатын, бірақ ол кезде «Реал» бұл мәселені бас бапкердің тағдыры шешілгенше кейінге қалдырған еді.
Енді бұл мәселе шешілген соң, барлық күш Силваға жұмылдырылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы «Барселона» мен «Атлетиконың» ұсыныстарын басты нұсқа ретінде қарастырған. Бірақ Моуриньюдің «Реалға» келуі мүмкін деген жаңалық пен бапкердің тікелей қызығушылығы келіссөздерді уақытша тоқтатуға себеп болды.
Жақында ғана португалиялық маман клуб басшыларымен кездесу өткізді, сол жиында өзге тақырыптармен бірге трансферлік жоспарлар да кеңінен талқыланды.
