locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рой Кин Ипсвичпен болған матчтан кейін Юнайтед ойыншыларын сынға алды

Футбол
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Рой Кин Ипсвичпен болған матчтан кейін Юнайтед ойыншыларын сынға алды
ФОТО: Getty images

Рой Кин мен Иан Райт “Манчестер Юнайтедтің” құлдырауы және Бруну Фернандештің командадағы рөлі туралы қызу пікірталасқа түсті. Қараша айында Рубен Аморимнің келуіне қарамастан, клуб құлдырауың жалғастыруда және АПЛ-да 14-ші орында орналасып тұр.

"Ипсвичті" 3-2 жеңгеннен кейін Кин Юнайтедті және әсіресе капитанды сынға алды:

“Олар "Эвертонмен” тең түсіп өздерін кубокты жеңіп алғандай сезінеді! Жанкүйерлер Бруну үшін ән шырқайды, мен: "Сайтан алғырлар" деп ойлаймын.

Райт келіспей португалдықты қорғай бастады, осылайша ол Кинмен дауласты. Алайда "Юнайтедтің" бұрынғы жартылай қорғаушысы былай деп жалғастырды:

"Бруну таланты бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Өзіне жетекшілік ететін көшбасшы керек. Ол күрескер емес. Команда 15-ші орында, ал ол оларды құтқарады ма?”

Фернандеш осы маусымдағы ойындарға ең көп қатысқан “Юнайтед” ойыншыларының бірі: оның ең көп ассисті бар (7) және голдар бойынша көшбасшы (6). Алайда, Кин бұны жеткіліксіз деп санайды. “Манчестер Юнайтед” АПЛ-дағы соңғы матчты "Ипсвич Таунға" қарсы өткізіп, оларды 3-2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз: Манчестер Юнайтед Аморимды қызметінен қуу мүмкін. Бұл жағдайда клуб бапкерге қанша ақша төлейді?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie