ДЕРЕККӨЗ. Хави Манчестер Юнайтедті жаттықтыруы мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Испания құрамасы мен "Барселона" клубының аңызы Хави бапкерлік қызметке оралуы мүмкін.
Relevo ақпаратына сенсек, ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубы алдағы жаз мезгілінде Хавиді бас бапкер етіп тағайындағысы келеді.
Бұған дейін, ағылшындық The Sun басылымы "Манчестер Юнайтедтің" қазіргі бапкері Рубен Аморим жазда клубтан кетуі мүмкін деген ақпарат таратқан болатын.
Португалиялық маман келгелі 23 матч өткізген Манчестер клубы тек 10 матчта ғана жеңіске жеткен.
Ал испаниялық маман болса 2023 жылдан бері клубсыз жүр. 45 жастағы маман 2021-23 жылдар аралығында "Барселона" клубының бас бапкері болды.