Гарначо Манчестер Юнайтедтегі рөліне наразы ма? Аргентиналық ойыншы неге бапкердің шешіміне қатты реакция білдірді
Рубен Аморим Алехандро Гарначомен сөйлесетінін мәлімдеді. "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы "Ипсвичке" қарсы ойында (3:2) алмастырылғаннан кейін бірден киім ауыстыру бөлмесіне кетіп қалды.
Аморим бұл матчта Гарначоны негізгі құрамда алаңға шығарды, бірақ бірінші таймда Патрик Доргу қызыл қағаз алғаннан кейін аргентиналық ойыншының орнына Нуссаир Мазрауи шықты. Гарначо бапкерімен қысқаша қоштасып, бірден туннельге бет алды.
Бапкер бұл жайтқа аса мән бермегенімен, ойыннан кейін 20 жастағы футболшымен бұл жағдайды талқылайтынын айтты.
"Мен, әрине, Гарначомен сөйлесемін. Егер қаласаңыздар, бұл туралы келесі баспасөз мәслихатында толығырақ айтамын", – деді Аморим.
Гарначоның алмастырылғаннан кейін бірден киім ауыстыру бөлмесіне кетуіне қатысты пікір білдірген Аморим бұл жағдай Рашфордтың оқиғасымен байланысты емес екенін, сондай-ақ оған ауа райының да әсер етуі мүмкін екенін әзілмен жеткізді.
Жеңістен кейін "Манчестер Юнайтед" 33 ұпаймен турнирлік кестенің 14-орнына көтерілді. Клуб келесі кездесуін 2 наурызда ФА кубогы аясында "Фулхэмге" қарсы өткізеді.