Жеңіліс сериясын бұзды. Манчестер Юнайтед АПЛ-да бір айда алғаш рет жеңіске етті
Бүгін түнде Ағылшын Премьер-лигасының 27-ші туры өтіп, онда “Манчестер Юнайтед” пен “Ипсвич Таун” (3:2) өзара ойнады.
Кездесудің басым бөлігінде азшылықта ойнағанымен, алаң иелері қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Бұл “Манчестер Юнайтедтің” Премьер-Лигадағы бір айдағы алғашқы жеңісі болды. Соңғы рет 27 қаңтарда “Фулхэмге” (1:0) қарсы жеңіске жеткен болатын. Содан бері Аморим шәкірттері “Кристал Пэлас” пен “Тоттенхэмге” жеңіліп, кестедегі тікелей қарсыластары “Эвертонмен” тең түсті. Айта кетейік, “Эвертон” “Брентфордқа” (1:1) қарсы ойында ұпай жоғалтып, “Манчестер Юнайтедке” кестеде алға шығуға мүмкіндік берді.
“Қызыл сойқандар” осы аптада “Фулхэмге” қарсы Англия Кубогы матчын өткізеді. Содан кейін оларды “Реал Сосьедадқа” қарсы екі матчтық қақтығыс және “Арсеналға” қарсы үйдегі ойыны бар өте қиын кесте күтіп тұр.