Манчестер Юнайтед Аморимды қызметінен қуу мүмкін. Бұл жағдайда клуб бапкерге қанша ақша төлейді?
“Манчестер Юнайтед” Англия Премьер-лигасында көптен күткен жеңісіне қол жеткізіп, “Ипсвич Таунды” тізе бүктірді. Бұл айдан астам уақыттағы алғашқы жеңісі болғанымен, командадағы жағдай әлі де тұрақсыз.
Рубен Аморим МЮ-ді қараша айында тізгіндегенімен, әлі күнге дейін команданың ойынын тұрақтандыра алмады. The Sun басылымының хабарлауынша, клуб маусым соңында португалдық бапкерді қызметтен босатуды қарастырып жатыр. Ол Эрик тен Хагтың орнын басқанымен, 23 матчтың тек 10-ында жеңіске жетті.
Егер бұл орын алса, “Манчестер Юнайтед” Аморимге 12 миллион фунт стерлинг (7.6 млрд тенге) өтемақы төлеуге мәжбүр болады.
Аморим бұған дейін “Манчестер Юнайтедтің” трансферлік саясатында қателіктер жібергенін мойындаған болатын. “Ипсвич Таунға” қарсы жеңіс белгілі бір сенім сыйлағанымен, клубтың қазіргі жағдайы әлі де алаңдаушылық тудырады.