РЕСМИ. Витор Рейс Манчестер Сити ойыншысы атанды
Фото: gettyimages
"Қалалықтар" 19 жастағы қорғаушыны "Палмейрас" клубынан 40 млн еуроға сатып алды.
Қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Витор Рейс – бразилиялық "Палмейрас" академиясының түлегі және орталық қорғаушы позициясында ойнайды. Ол негізгі команда сапында 22 матчқа қатысып, екі гол соққан.
Бұған дейін ағылшындық клуб Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановты сатып алған болатын. Алдағы уақытта командаға египеттік, "Айнтрахт" клубының шабуылшысы Омар Мармуш келіп қосылады деп күтілуде.
Килиан Мбаппе футболдағы тығыз күнтізбеге қатысты пікір білдірді
Наурызбай Қанатұлы