Килиан Мбаппе футболдағы тығыз күнтізбеге қатысты пікір білдірді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Франция құрамасы мен "Реал Мадрид" шабуылшысы матчтың көп болуына қарсы емес.
"Футбол бірте-бірте NBA-ға ұқсап келеді, себебі онда бір маусым 70 матчтан тұрады. Мен мұндай тығыз күнтізбеге қарсы емеспін, бірақ осындай күнтізбе кезінде біз, яғни футболшылар әрдайым жақсы формада бола алмаймыз. Жанкүйерлер күтетіндей керемет ойын көрсету қиын болады", дейді "Реал Мадрид" шабуылшысы.
Франциялық шабуылшы жазғы трансферлік терезеде "Реал Мадридке" ауысып, 2029 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған болатын.
Дереккөз. Рэшфорд Барселона ойыншысы атанады