locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ: «Манчестер Ситидің» көшбасшысы клубпен келісімшартын ұзартты

Жереми Доку «қалалықтармен» жаңа бесжылдық келісімге қол қойды
ФОТО: Getty Images

Жереми Доку өз болашағын «Манчестер Ситимен» ұзақ мерзімге байланыстырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Қалалықтар» ресми түрде 24 жастағы бельгиялық вингермен келісімшартты ұзартқанын жариялады. Жаңа келісім бес жылға есептелген және оның клубтағы мерзімін 2031 жылдың жазығына дейін ұзартады.

Доку «Манчестер Ситиге» 2023 жылғы жазда «Ренннен» ауысып келген болатын. Сол уақыттан бері бельгиялық футболшы ағылшын клубы сапында 131 матч өткізіп, 22 голдың авторы атанды. Ол командамен бірге бес трофей иеленді.

Футболшының өзі командада қалу туралы шешім қабылдау оңай болғанын айтты. Доку «Ситиде» даму бар екенін сезінетінін және Энцо Мареска басқаратын жаңа маусымды үлкен ынтамен күтіп отырғанын атап өтті.

Өткен маусым вингер үшін ерекше әсерлі болды: 2025/26 маусымында ол барлық турнирлерде 47 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Доку Бельгия құрамасы сапында 5 ойын өткізіп, жалпы 311 минут алаңда болды, бірақ гол да, нәтижелі пас та жасай алмады. Бельгиялықтар ширек финалға дейін жетіп, Испанияға 2:1 есебімен есе жіберді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie