locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Салахтың агенті «Ливерпуль» жұлдызының болашағына қатысты қауесеттерге қатаң жауап берді

Рами Аббас мысырлық шабуылшының жоспарлары көпшіліктің талқысына түспейтінін аңғартты
Фото: @mosalah

Мохамед Салахтың агенті Рами Аббас «Ливерпуль» шабуылшысының болашағына қатысты тараған қауесеттерге пікір білдірді. Мысырлық футболшының өкілі ойыншының жоспары туралы ешқандай мәлімет ашып, бұл жағдайға қатысы жоқ адамдармен талқыламайтынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мохамед Салахтың болашағы тағы да «Ливерпуль» төңірегіндегі басты тақырыптардың біріне айналды. Сауд Арабиясының клубтарының қызығушылығы аясында футболшының агенті Рами Аббас әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

Аббас Салахтың мансабына қатысты маңызды шешімдер көпшілікке жария болмайтынын білдірді. Агенттің айтуынша, барлық ақпарат жақын шеңберде қалады.

«Мохамедтің жағдайы өте жақсы. Ол да, мен де бұл мәселеден алыс жүрген адамдармен маңызды жоспарларды талқылағымыз келмейді. Барлық ақпарат екеуіміздің арамызда қалады. Әрине, адамдар сұрақ қоюы мүмкін, ол үшін біз стандартты сыпайы жауап береміз, бірақ бәрі осыған тоқтайды», – деп жазды Аббас X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Сауд Арабиясының бірнеше клубы Салахқа басты үміткерлердің қатарында аталған болатын. Олардың қатарында: «Аль-Хиляль», «Аль-Наср», «Аль-Ахли» және «Аль-Иттихад» бар.

Мохамед Салах 2017 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде мысырлық шабуылшы мерсисайдтық клубтың жаңа дәуірінің символына және команданың тарихындағы ең үздік ойыншылардың біріне айналды.

«Ливерпуль» сапында Салах 442 матч өткізіп, 257 гол соқты және 123 нәтижелі пас берді. Оның клуб табысына қосқан үлесі оны тек шабуылдың көшбасшысы ғана емес, «Энфилд» аңызына айналдырды.

Оның еншісінде 442 матчта 257 гол, 123 нәтижелі пас бар. Бұған дейін БАҚ Сауд Арабиясының клубтары мысырлық шабуылшыға қызығушылық білдіріп отырғанын хабарлаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie