«Реалдың» бұрынғы жұлдызы «Қайрат» шабуылшысын бағалады
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі әйгілі «Ливерпуль», «Реал» және «Манчестер Сити» клубтарында ойнаған Стив Макманаман алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.
Жас форвард Чемпиондар лигасындағы мадридтік алпауытқа қарсы матчта өзін жарқырата көрсетті: кездесудің оныншы секундында-ақ Сатпаев Тибо Куртуа қақпасына баспен соққы бағыттап, жанкүйерлерді дүр сілкіндірді.
«Ол өте шапшаң, қарқынды әрі харизмасы мол. Жанкүйерлердің оны неге жақсы көретіні түсінікті», — деді Макманаман TNT Sports эфирінде.
Сатпаевтың болашағы да айқындалып үлгерді — «Қайрат» оны лондондық «Челсиге» сатуға келісім жасады. Дарынды шабуылшы ағылшын клубына 18 жасқа толған соң, 2026 жылы ауысады деп күтілуде.
Ал «Қайраттың» өзі Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қиындықтарға тап болып жатыр. Лиссабонда «Спортингтен» (1:4) жеңілгеннен кейін, алматылықтар өз алаңында мадридтік «Реалға» да есе жіберді. Ендігі ұпай жинауға мүмкіндік 21 қазанда туады — ол күні Уразбахтиннің шәкірттері алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі.