locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» ойыншылары Ямалдың Эль-Класико алдындағы сөздеріне наразы

Ойын алдындағы шиеленіс күшейіп келеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Реал» ойыншылары Ямалдың Эль-Класико алдындағы сөздеріне наразы
ФОТО: Getty Images

Соңғы уақытта «Реал» мен «Барселона» арасындағы матчтар ойындардың өзінен бөлек көптеген оқиғалармен өрбіп жатыр. Испания Суперкубогы алдында бастамашы мадридтік клуб болған болса, алдағы Эль-Класико қарсаңында отқа май құйып жатқан – Ламин Ямал.

«Барселонаның» жас жұлдызы Жерар Пикемен бірге өткен көңіл көтеру шоуында «Реал» туралы: «иә, ұрлайды, шағымданады, мен түсінбейтін істер жасайды...» деп мәлімдеді.

Marca басылымының хабарлауынша, Ямалдың бұл сөздері «корольдік» клуб лагерінде үлкен таңданыс тудырды. Олар вингердің бұл әрекетін жасына қатысы жоқ, кәсіби этиканы бұзу деп есептейді. Бұл пікірлер, керісінше, «бұқаны ашуландыратын қызыл шүберек» іспетті әсер етіп, принципті матчта жеңіске деген ынтаны арттыра түсті.

Өз кезегінде, жексенбілік кездесуде Ханси Флик Рафиньяға үміт арта алмайды, себебі ол жарақатын қайта жаңғыртып алған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie