locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Ла Лиганың үздік жас ойыншысы Эспиді сапына қосты

21 жастағы шабуылшы «Левантеден» ауысып, 2031 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды
«Реал» Ла Лиганың үздік жас ойыншысы Эспиді сапына қосты
ФОТО: Getty images

Мадридтің «Реалы» «Леванте» клубының шабуылшысы Карлос Эспидің трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

21 жастағы футболшы Корольдік клубпен 2031 жылдың 30 маусымына дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Испаниялық ақпарат көздерінің мәліметінше, футболшының өтемақы құны 25 миллион еуроны құрады. Бұл - «Леванте» академиясы тәрбиелеген ойыншылар арасындағы ең қымбат трансфер.

Өткен маусым Эспи үшін өте сәтті өтті. Ол Ла Лигада 25 матчқа қатысып, 11 гол соқты. Нәтижесінде командасының үздік сұрмергені атанып, Испания чемпионатының ең үздік жас ойыншысы деп танылды.

Айта кетейік, бұл трансфер «Реалдың» шабуыл шебіндегі алдағы өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін мадридтік клубтың Гонсало Гарсияны сатуға дайын екені хабарланған болатын. Сондықтан Карлос Эспидің келуі жаңа маусым алдындағы құрамды жаңарту жұмыстарының бір бөлігі саналады.

Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 20 миллион еуроға бағаланады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie