locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» «Барселонаны» Ла Лигадағы чемпиондықпен құттықтады

ФОТО: gettyimages.com

Мадридтік «Реал» 2024/2025 маусымында Испания чемпионатын жеңіп алған «Барселонаны» ресми түрде құттықтады.

«2024/2025 маусымындағы Ла Лигадағы жеңісімен «Барселонаны» құттықтаймыз», — делінген «Реалдың» X әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда, «Барселона» 85 ұпай жинап, басты қарсыласы — мадридтік «Реалдан» жеті ұпай алда келеді. Екі команда да 36 ойын өткізген, сондықтан Карло Анчелоттидің шәкірттері каталондық клубты қуып жете алмайды.

Өткен турда Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын «Барселона» «Реалды» 4:3 есебімен жеңіп, чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie