locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

17 жаста екі Ла Лига чемпионы: Ямаль Криштиану Роналдуды қуып жетті

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
17 жаста екі Ла Лига чемпионы: Ямаль Испания чемпиондығы бойынша Роналдуды қуып жетті
ФОТО: Getty images

«Барселонаның» 17 жастағы вундеркинді Ламин Ямаль мансабында екінші рет Ла Лига чемпионы атанды. Бұл жетістікке ол 36-турда «Эспаньолға» қарсы өткен матчта қол жеткізді. Дәл осы ойында Ямаль 53-минутта есеп ашып, «Барселонаның» мерзімінен бұрын чемпион болуына тікелей үлес қосты.

Осылайша, Ламин енді екі мәрте Испания чемпионы атанды ( 2022/23 және 2024/25 маусым). Ең қызығы, дәл осындай нәтиже «Реал» сапында 9 жыл ойнаған Криштиану Роналдудың да еншісінде бар (2011/12 және 2016/17).

Егер 2022/23 маусымында Ямаль тек 15 жасында алаңға шығып, чемпиондыққа елеулі ықпал ете алмаса, биыл ол негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналды. Жас талант гол соғып, ассист жасап қана қоймай, енді Каталония дербиінде шешуші сәттерде өз сөзін айтып, чемпиондықты ресми түрде бекітті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie