locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Стадиондағы сұмдық: «Барселона» матчы барысында көлік бар жылдамдықпен жанкүйерлерге соқтығысты

Футбол 15 мам 2025 16:17
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Стадиондағы сұмдық: «Барселона» матчы барысында көлік бар жылдамдықпен жанкүйерлерге соқтығысты
ФОТО: Мarca

«Эспаньол» мен «Барселона» арасындағы каталондық дерби барысында Корнелья қаласындағы RCDE стадионы маңында төтенше оқиға орын алды. Peugeot маркалы жеңіл автокөлік жоғары жылдамдықпен қозғалып, стадион маңына жиналған жанкүйерлер тобының арасына кіріп кеткен.

Куәгерлер түсірген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда көліктің қоқыс жәшіктерінің арасымен жүріп өтіп, кенеттен жылдамдық қосып, бірнеше адамды қағып кеткені көрінеді. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем көлігі келді. Зардап шеккендер саны мен олардың жарақаттарының сипаты нақты анықталуда.

Бұл жағдай стадион маңында дүрбелең туғызды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, әдейі жасалған қасақана әрекет нұсқасы да қарастырылуда. Каталония билігі жақын уақытта ресми ақпарат тарататынын мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты матч уақытша тоқтатылды. Кейін ойын қайта жалғасып, есеп 0:0 болып тұрды. Матчқа тікелей көрсетілім.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie