locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Эспаньол» - «Барселона» - 0:2. Ямаль мен Лопес «блаугранаға» чемпиондық сыйлады. Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Эспаньол» - «Барселона». Ямаль мен Лопес «блаугранаға» чемпиондық сыйлады. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

Каталонияның «Барселона» клубы 2024/25 жылғы маусымда Ла Лиганың чемпиондығын мерзімінен бұрын жеңіп алды. 36-тур аясында «блауграна» сырт алаңда Эспаньолмен өткен дербиде 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын команда есепті екінші таймда ашты. 53-минутта 17 жастағы Ламин Ямаль шабуылды сәтті аяқтап, командасын алға шығарды. Ал қосымша уақытта Фермин Лопес екінші голды соғып, жеңісті бекіте түсті - 90+6-минут. Айта кетейік, «Эспаньол» кездесуді он ойыншымен аяқтады, 80-минутта Леандро Кабрера қызыл қағаз алды.

Бұл жеңістің арқасында «Барселона» 85 ұпай жинап, басты қарсыласы мадридтік «Реалға» қол жетпейтін болды. Каталондықтар тарихындағы 28-чемпиондық атақты иеленіп отыр.

Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie