«Барселона» - чемпион! Ла Лиганың 36-турынан кейнігі турнирлік кестесі


Испания Ла Лигасының 36-турының қорытындысы бойынша «Барселона» маусымның аяқталуына екі тур қалғанда чемпион атанды. Каталониялық клуб 85 ұпай жинап, басты бәсекелесі «Реал Мадридтен» 7 ұпайға озды. Бұл «Барселонаның» клуб тарихындағы 28-ші чемпиондығы.
Титул тағдырын шешкен матчта Флик шәкірттері дерби аясында «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Ламин Ямаль мен Фермин Лопес соқты.
Қазіргі таңда «Реал» Мадрид 78 ұпаймен екінші орында тұр, ал үздік үштікті 70 ұпай жинаған «Атлетико» түйіндейді. Еурокубок жолдамалары үшін «Атлетик», «Вильярреал», «Бетис», «Сельта» және «Райо Вальекано» да талас үстінде.
Төменгі лигаға түсетін командалар жағдайы белгілі: 36 тур қорытындысы бойынша «Реал Вальядолид» пен «Лас-Пальмас» Сегундаға кетеді. Екеуі де турнирлік кестеде қалу мүмкіндігін мерзімінен бұрын жоғалтты.

