Рамазан Каримов «Ордабасымен» матч туралы: Қиын қарсылас, олар әлі ойындарың реттемеді, бірақ уақыт өте бәрі жақсы болады деп ойлаймын
Қазақстан құрамасының және «Астана» футбол клубының шабуылшысы Рамазан Кәрімов өз командасының ҚПЛ төртінші турындағы өткен ойыны туралы, арнайы Sports24.kz үшін пікір білдірді.
5 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры басталып, «Астана» өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдап, кездесудің нәтижесі 2:1 есебімен елордалықтардың жеңісі болды. Алаң иелері сапында Усман Камара дубль жасаса, қонақтар сапында Эльхан Астанов бір гол соқты.
Ойыннан кейін елордалық команда ойыншысы Рамазан Каримов өткен матч туралы пікірімен бөлісті.
– Осындай ауыр жеңістен кейінгі әсеріңіз қандай?
– Қиын ойын, қиын қарсылас, жаңа команда және жаттықтырушы, олар әлі толық қалыптасып үлгермегені анық, бірақ болашақта оларда бәрі жақсы болады деп ойлаймын және де сәттілік тілеймін.
– «Астана» матчтарды өте нәтижелі түрде аяқтап жүр еді, бүгін біз сіздерден көп гол соғады деп күттік, бірақ сіз екі-ақ голмен шектелдіңіз, бұл туралы не айтасыз?
– «Ордабасы» бізбен бірге жыл сайын чемпиондық үшін күресетін команда, сондықтан олармен әр кездесу өте қиын. Ең бастысы – жеңіс, ал қанша гол соққанымыз маңызды емес.
Рамазан Кәрімов «Астанаға» 2024 жылдың басында еркін агент мәртебесінде келді, ойыншының Transfermarkt порталындағы құны 300 мың еуроға бағаланады.