Бабаян «Астананың» «Ордабасыға» қарсы ойындағы жеңісіне пікір білдірді
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дің төртінші туры аясында өткен «Ордабасыға» қарсы (2:1) ойыннан кейін жеңіс туралы пікір білдірді.
«Қиын ойын болатынын күттік. «Ордабасыны» турнирлік кестеде төмен тұрғанына қарамастан, өзіміздің тікелей бәсекелесіміз деп есептейміз. Құрамы да, ойыны да мықты. Біз олардың бірнеше кездесуін қарап шықтық және олар ешқайсында қарсыласынан кем түскен жоқ»,- деді маман.
Сондай-ақ бапкер ойынды былайша талдады.
«Олар - өте мықты ұжым. Біз оларды ешбір жағдайда бағаламауымыз керек екенін түсіндік. Қорғанысқа басымдық беріп, ойынды баяулатуға тырысатынын білдік. Айтқанымыз келді. Алаңда бос кеңістік көп болған жоқ».
Сөзінің соңында Григорий Бабаян жанкүйерлерге алғыс білдірді.
«Есепті 3:1-ге дейін жеткізуіміз керек еді. Өкінішке қарай, гол соғу жағынан әлі де ақсап тұрмыз. Дегенмен, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Негізгісі - нәтиже бар. Команданы қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтамын»,- деп түйіндеді астаналық команданың бапкері.