Бекхан Шайзада Асхаттың клубтан кетуі және «Ордабасының» жеңілісі туралы: Жаңа бапкер келді, әзірге нәтиже жоқ
Қазақстан құрамасының және «Ордабасы» футбол клубының қақпашысы Бекхан Шайзада «Ордабасының» өткен ойыны туралы, арнайы Sports24.kz үшін пікір білдірді.
5 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры басталып, «Астана» өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдады, кездесудің нәтижесі 2:1 есебімен елордалықтардың жеңісіне болды. Алаң иелері сапында Усман Камара дубль жасаса, қонақтар сапында Эльхан Астанов бір гол соқты.
Ойыннан кейін «Ордабасының» қақпашысы Бекхан Шайзада 90 минут бойы ойнаған өткен матч туралы пікірімен бөлісті.
– Асхат Тағыбергеннің «Ордабасыдан» кетуі туралы не айтасыз?
– Не айтамын, әрине қиын, «Ордабасыға» көптен күткен чемпиондық әкелген ойыншы кетіп қалды, ол кезде оның жалақысы туралы ешкім сөйлемеген еді (күлді). Жаңа бапкер келді, әлі нәтиже жоқ, ағамызды (Асхатты) дұрыс шығарып саламыз деп ойладым. Мен бұл үшін қатты өкінемін.
Бекхан Шайзада – «Ордабасының» тәрбиеленушісі, ойыншының Transfermarkt порталындағы құны 400 мың еуроға бағаланған.