«Ордабасы» жеңісті тағы да кейінге қалдырды. Қорғаушылар Камараны ұстай алмады
Сәуірдің 5-і күні Астанада 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында кезекті бір матч өтті.
«Астана Арена» стадионында өткен матчта елордалық «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» командалары кездесті.
Бірінші таймда қос команда бір бір голдан соғып, үзіліске тең нәтижемен кетті. Айта кетейік, шымкенттік ұжым аталған матчта осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Гол авторы: Астанов. Екінші таймның басында астаналық команда сапынан Усман Камара гол соғып, командасын алға шығарды. Осы голдан кейін гол соғылмады.
Осы жеңістен кейін «Астана» көш басындағы орнын сақтап қалды. Еншісінде 10 ұпай. Ал «Ордабасы» әлі жеңіске жете алмай келеді. Төрт турдан кейін команда еншісінде бір ғана ұпай бар.
ҚПЛ. 3-тур, 5 сәуір
«Астана» – «Ордабасы» – 2:1
Голдар: Камара 34, 58 – Астанов, 40