locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Пьяничтің агенті «Ақтөбеге» ауысу туралы қауесеттерге қысқаша пікір білдірді

Босниялық футболшы мансабын аяқтады және оны қайта бастамайды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Пьяничтің агенті «Ақтөбеге» ауысу туралы қауесеттерге қысқаша пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Өткен демалыс күндері ақпарат кеңістігі «Ақтөбенің» жұлдызды футболшыларға қызығушылығы жайлы қауесеттермен дүр сілкінді. Олардың қатарында – «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Миралем Пьянич те бар, бұл мәселеге босниялықтың агенті Фали Рамадани араласуға мәжбүр болды.

«Ювентустың» экс-ортадағы ойыншысының өкілі Пьяничтің 2025 жылы Мәскеудің ЦСКА клубындағы кезеңнен кейін кәсіби мансабын аяқтағанын және оны қайта жалғастыруға ниеті жоқ екенін анық айтты.

«Ақтөбе» ме? Миралем футболшы ретіндегі мансабын аяқтады», – деді агент euro-football.ru сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін Пьянич «Ақтөбемен» бір жылдық келісімшартқа қол қояды және осы келісімшарт бойынша Қазақстан чемпионатындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі болатыны туралы хабарланған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie