locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ ойыншысы және КЛ-дағы «Қайраттың» екі қарсыласы: Қазақстанмен матчтарға Фарер аралдарының құрамы

Мұндай қарапайым құрамның өзінде қазақстандық жанкүйерлер назар аудара алатын ойыншылар бар
ҚПЛ ойыншысы және КЛ-дағы «Қайраттың» екі қарсыласы: Қазақстанмен матчтарға Фарер аралдарының құрамы
ФОТО: fsf.fo

Фарер аралдарының ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы матчтарға, соның ішінде Қазақстанға қарсы екі ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Петропавлдық «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Йоханнес Бьорталидтен бөлек, қазақстандық жанкүйерлер Аки Самуэльсен мен Мартин Агнарссонды да жіті бақылағаны жөн — дәл осы футболшылар Швецияның «Мьельбю» клубының намысын қорғайды. Аталған команда Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде «Қайратпен» кездеседі.

  • Қақпашылар: Бардур а Рейнатрёд («Викингур»), Маттиас Хединссон Ламхауге («Стрёмсгодсет», Норвегия), Ари и Харальдстову Петерсен (ИБВ, Исландия);
  • Қорғаушылар: Гуннар Ватнхамар («Вайле», Дания), Андриас Эдмундссон («Верона», Италия), Одмар Ферё («КИ Клаксвик»), Самуэль Чуквуди («Рид», Австрия), Хейни Ватнсдаль («Б-36 Торсхавн»), Вильормур Давидсен («НСИ Рунавик»), Мартин Агнарссон («Мьельбю», Швеция), Аси Дам («ХБ Торсхавн»), Йоаннес Кальсё Даниэльсен («КИ Клаксвик»), Янн Юлин Беньяминсен («НСИ Рунавик»);
  • Жартылай қорғаушылар: Геза Давид Тури («Гримсби Таун», Англия), Поуль Кальсберг («Хиллерёд», Дания), Эмиль Вайхе Йоэнсен («НСИ Рунавик»), Маттиас Хеллисдаль («Вестерос», Швеция), Йоханнес Бьорталид («Қызылжар», Қазақстан), Ханус Сёренсен («Алюминий», Словения), Аки Самуэльсен («Мьельбю», Швеция);
  • Шабуылшылар: Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Адриан Юстинуссен («Хорсенс», Дания), Полль Андрассон Клеттскард («КИ Клаксвик»).

Еске салайық, Фарер аралдары мен Қазақстан алдағы халықаралық матчтар терезесінде екі кездесу өткізеді: 26 қыркүйекте Торсхавнда және 2 қазанда Астанада. Айтпақшы, командалар арасындағы алғашқы ойынның төрешісі белгілі болды.

Фото: fsf.fo
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie