locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Давид Алаба Италиядағы күтпеген клубты таңдады

«Бавария» мен «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы мансабын А сериясында жалғастырады
Давид Алаба Италиядағы күтпеген клубты таңдады
ФОТО: instagram.com/udinesecalcio

34 жастағы австриялық қорғаушы Давид Алаба италиялық «Удинеземен» ресми түрде келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы клубпен қазіргі маусымның соңына дейін, яғни 2027 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасасты.

Италияда Алаба 5-нөмірмен өнер көрсетеді.

«Әлемдік футболдың ең жоғары деңгейінде жинаған тәжірибесі, көшбасшылығы және мансабы», — делінген клубтың мәлімдемесінде.

Австрия құрамасының қорғаушысы мюнхендік «Баварияда» жұлдызға айналып, 2010-2021 жылдар аралығында клуб сапында 431 матч өткізді.

Одан кейін еркін агент ретінде мадридтік «Реалға» ауысып, бес маусымда 132 ойынға қатысты. 2025/2026 жылғы маусым аяқталған соң тараптар келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Осылайша 2026 жылдың 1 шілдесінде Давид еркін агент атанып, оның қызметін «Удинезе» пайдаланды.

Италия чемпионатының бес турынан кейін Алабаның жаңа клубы турнир кестесінде 13-орында тұр. «Удинезе» бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie