Педру Нету: \"Бұл жақтың футболшыларына шынымен жаным ашиды\"
Лондондық “Челси” клубының жартылай қорғаушысы Педру Нету Алматыдағы Орталық стадионда өткен Конференция лигасы аясындағы “Астанаға” қарсы матчтан кейінгі әсерлерімен бөлісті.
“Қазақстанда мұндай суықта футбол ойнау қалай мүмкін екенін елестете алмаймын. Бұл жақтың футболшыларына шынымен жаным ашиды. Бірінші таймда әйтеуір бірдеңе көрсетуге болатын шығар деп ойладым, бірақ екінші таймда жағдай мүлде қиындап кетті. Біз үшін басты мақсат гол жіберіп алмау және матчты тезірек аяқтау болды”, — деді Нету.
Ауа райының қиындығына қарамастан, жартылай қорғаушы стадиондағы атмосфера мен қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтті.
“Осындай қатты аязға қарамастан, стадионға көп адамның жиналғанына таңғалдым. Қазақстанда өз командасын, сондай-ақ “Челсиді” қатты жақсы көретіндері сезіледі. Жанкүйерлеріміздің осындай алыс сапарға келіп, бізді қолдағаны да ерекше қуантты”, — деп қосты ойыншы.
Айта кетейік, матч шамамен −10°C температурада өтті.
Астаналық қақпашы Челсиге қарсы ойында қысқы қалпақпен шетелдіктерді таңғалдырды.