locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астаналық қақпашы Челсиге қарсы ойында қысқы қалпақпен шетелдіктерді таңғалдырды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Астаналық қақпашы Челсиге қарсы ойында қысқы қалпақпен шетелдіктерді таңғалдырды
ФОТО: ФК Астана

Конференция лигасының топтық кезеңіндегі “Астана” мен “Челси” арасындағы матч тек алаңдағы тартыспен ғана емес, ерекше жағдайлармен де есте қалды. Кездесу 12 желтоқсанда Алматының Орталық стадионында -10 градус Цельсийден төмен температурада өтті.

Қатты аяздың салдарынан “Астана” қақпашысы алаңға қысқы бас киім киіп шыққандықтан, жанкүйерлер мен БАҚ назарын өзіне аударды.

“Мұндай жағдайды футболда күнде көрмейсің. “Астана” қақпашысы Қазақстанның суық ауа райына байланысты “Челсиге” қарсы матчта бас киім киюге мәжбүр болды”, — деп жазды танымал спорт порталы “GiveMeSport” өз Х аккаунтында.

Қақпашының ерекше киімі ойын өткен қатаң қысқы атмосфераның жарқын символына айналды.

Мұхаммеджан Сейсен Челсиге қарсы матчта үздік атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie