locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мареска Астана - Челси арасындағы матчқа пікір білдірді

Футбол
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
Мареска Астана - Челси арасындағы матчқа пікір білдірді
Getty Images. Энцо Мареска

Ағылшындық “Челсидің” бас бапкері Энцо Мареска Алматыда өткен Конференция лигасының 5-турындағы, оның командасы “Астананы” 3:1 есебімен жеңген ойынды қорытындылады.

“Бұл жақсы ойын болды. Біз суық ауа-райын біліп, оған тез бейімделуге тырыстық. Ойыншылар ауа-райы мен кеше болған ұзақ сапарға, сондай-ақ біз үшін мінсіз болмаған алаңға жақсы бейімделе білді. Жалпы, мен ойыншылардың өнеріне өте қуаныштымын.

Мен сонымен қатар бізге жеңіс әкелуге көмектескен жас ойыншыларға да қуаныштымын. Олардың бәрі мені таңғалдырды. Алғашқы минуттардан бастап өнер көрсеткен Тирик [Джордж], Сэм [Рак-Сакьи] және Джош [Ачимпонг] өте жақсы ойнады. Сол сияқты екінші таймда шыққандар да өздерін жақсы көрсетті, мен бәріне ризамын.

Марк Гиудің дублі? Марктің жағдайы жақсы. Бізге бірге жұмыс істей бастағалы, ол көп жұмыс еңбектенеді. Бізде Николас Джексон мен Христо Нкунку да бар, олар да жақсы ойнап жүр. Бірақ бүгін Марк мүмкіндігін дұрыс пайдаланып, керемет ойнады.

Жанкүйерлеріміз? Олар бізді қолдау үшін ұзақ жол жүрді, және біз бұған өте ризамыз. Оларға да жағдай оңай болмады, бірақ олар стадионда болды, біз оны жоғары бағалаймыз. Енді, айтқанымдай, жексенбі күні [“Брентфордқа” қарсы] ойында бізге жанкүйерлердің қолдаулары қажет”, -ю– деп Маресканың сөзін “Челсидің” ресми сайты келтірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie