Калаица Астананың Челсиге қарсы жеңілісін түсіндірді
“Астананың” қорғаушысы Бранимир Калаица Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында “Челсиге” қарсы өткен ойыннан (1:3) алған әсерімен бөлісті. Матч бейсенбі, 12-желтоқсан күні Алматы қаласында өтті.
“Матч өте қиын болды. Біз ойынды алғашқы минуттардан жақсырақ бастағанда , бастапқы 15 минуттағы қиындықтардан аулақ бола алар едік деп ойлаймын. Екінші голдан кейін жағдай одан әрі қиындай түсті, тек содан кейін ғана өз футболымызды көрсете бастадық. Томасовтың голынан соң, допты көбірек бақылауға тырыстық, бірақ “Челси” сияқты командаға қарсы мұны істеу өте қиын.
Ауа-райына келсек, шынында суық болды, температура 10 градустан төменді көрсетті, бірақ екі команданың да жағдайы бірдей болды.
“Челсидің” ойыншыларының деңгейі өте жоғары, әрқайсысы өзін дамытуға ұмтылады, ал олардың академия тәрбиеленушілері керемет. Сондықтан олар барынша күш салады. Бұл ойын жеңіл болды деп айта алмаймын”, - деді Калаица. Ойыншының сөзін Sportarena.kz келтірді.
Бұған дейін “Челсидің” бапкері Энцо Мареска “Астанаға” қарсы ойыннан алған әсерімен бөліскен еді.