locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Жетісумен» ойыннан кейін: Баршаңызды алғашқы жеңіспен құттықтаймын

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Жетісумен» ойыннан кейін: Баршаңызды алғашқы жеңіспен құттықтаймын.
ФОТО: ФК Ордабасы

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин талдықорғандық «Жетісуды» жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Қазақстан Премьер-лигасының 5-ші турында Андрей Мартин шәкірттері Шымкентте өткен алғашқы ойында «Жетісуды» минималды 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды шымкенттіктердің бразилиялық легионері Эвертон Мораес соқты.

«Ойыншыларымды және басшылықты маусымдағы алғашқы жеңістерімен құттықтағым келеді. Бұған дейін біз көшбасшы үштікпен ойнадық. Барлығы біз ойлағандай болмады. Бірақ, Құдайға шүкір, біз өз жанкүйерлеріміздің алдында алғашқы үш ұпайымызды алдық. Бұдан былай команданың ойыннан ойынға жақсаруын ғана күтеміз.

Әлі бәрі ойдағыдай емес, бірақ команда құру тез болмайды, оған шыдамдылық қажет. Әзірге нәтижені ойлау керек, содан кейін ойын бойынша да жақсарамыз. Ал «Ордабасы» жақсы командаға айналады деп ойлаймын», - деді маман.

Чемпионаттың бес ойынынан кейін «Ордабасының» қоржынында бес ұпайы бар және турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді. Келесі турда шымкенттік команда өз алаңында түркістандық «Тұранды» қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie