«Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы матчқа арналған негізгі құрамдар жарияланды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
Фото: Ордабасы ФК
Шымкентте Қазақстан Премьер-лигасының 5-тур аясындағы «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы матч өтеді. Қос команда да алдағы ойында алаңға шығатын негізгі құрамдарын жариялады.
«Ордабасы» (бас бапкер — Андрей Мартин):
Шайзада, Малый, Мудрак, Антич, Жақсыбаев, Имнадзе, Эвертон, Жимо, Сұлтаниязов, Астанов, Халматов.
«Жетісу» (бас бапкер — Самат Смақов):
Кавлинов, Такулов, Ковель, Фофана, Тайкенов, Шмидт, Есімбеков, Рудосельский, Оматай, Болов, Житнев.
Ойынға төрешілік ететін қазылар алқасының басында Арман Исмұратов болады.
Турнирлік кестеде «Жетісу» 3 ұпаймен 9-орында тұр. Ал «Ордабасы» 2 ұпаймен 14-орынды иеленуде.