«Ордабасы» — «Жетісу» — 1:0. Гол бейнесі және матчқа шолу
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: Instagram
Чемпионаттың бесінші турында «Жетісуды» 1:0 есебімен ұтқан «Ордабасы» ҚПЛ-ның биылғы маусымындағы алғашқы жеңісіне ақыры қол жеткізді.
Матчтағы жалғыз голды 45+3-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Эвертон соғып, шымкенттіктерді дәл соққысымен алға шығарды. Ойында болған қызықты сәттерден, «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақовтың қызыл қағаз алғаны болды.
Бұл жеңіс «Ордабасыға» бес ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Үш ұпайы бар «Жетісу» 11-орынға жайғасты.
Алтыншы турда «Жетісу» өз алаңында 26 сәуірде «Елімаймен» ойнаса, 27 сәуірде «Ордабасы» «Тұран» командасын қабылдайды.Осы матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.