locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» мен «Астана» «Қайсардың» қорғаушысымен қызығуда

Жас футболшы жазғы трансферлік кезеңде командасын ауыстыруы мүмкін
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Ордабасы» мен «Астана» «Қайсардың» қорғаушысымен қызығуда
ФОТО: ФК «Кайсар»

Sports24.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан Премьер-лигасының алдыңғы қатарлы клубтары –шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» «Қайсардың» 18 жастағы қорғаушысы Темірлан Мырзағалиевке қызығушылық танытып отыр.

«Ақтөбе» түлегі биылғы маусымда «қасқырлар» сапында 11 ойын өткізіп, бір голмен көзге түсті. Қорғаныста сенімді ойын көрсетіп жүрген футболшыны лиганың жоғары мақсаттар қоятын клубтары назардан тыс қалдырмады.

Қазіргі таңда «Қайсар» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 12 турдан кейін 12 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Айта кетейік, бұған дейін қызылордалықтар сапынан Айбар Жақсылықовтың кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie