Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рыбакинаның WTA рейтингіндегі бірінші орынға лайықтылығын бағалады
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Евгений Кафельников Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі көшбасшылығын толықтай лайықты деп атады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бір жылда екі Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жету — бұл толықтай лайықты жетістік. Оның бірінші орынға лайықсыз шыққаны туралы айту мүлде орынсыз. Барлығы заңды, бәрі анық, нәтижелері өзі-ақ айтып тұр. Ол дәл осы орынға толықтай лайықты түрде көтерілді», — деді Кафельников First&Red YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, US Open-2026 турнирінің шешуші матчында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Собаленканы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, бұл турнирде алғаш рет чемпион атанды. Бұл жеңіс қазақстандық теннисші үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титул болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде жеңіске жеткен.
Сонымен қатар, Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастап, бірінші орыннан дәл осы Собаленканы ығыстырды.
Бұған дейін Рыбакинаның US Open турнирінен табысының жартысына жуығынан айырылатынын хабарлаған едік.