locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Динамода» Зайнутдиновтың қалпына келу мерзімі айтылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы халықаралық үзілістен кейін алаңға оралуы мүмкін
ФОТО: «Динамо» Москва

«Динамода» Бахтиёр Зайнутдиновтың қалпына келу мерзімі айтылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мәскеулік клубтың бас директоры Павел Пивоваров қазақстандық футболшының операциядан кейін қалпына келуін жалғастырып жатқанын және халықаралық үзілістен соң алаңға оралуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, Зайнутдинов ауыр жарақатына байланысты өткен жылдан бері алаңға шыққан жоқ. Қазан айында футболшы «Ахматқа» қарсы матчта ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін қатардан шыққан еді.

2025/26 жылғы маусымда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы мәскеулік клуб сапында он матчқа қатысты, алайда нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады. 2026 жылдың жазында Зайнутдинов операция жасатып, содан бері оңалтудан өтіп, сапқа қайта қосылуға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Ресей Премьер-лигасындағы сегіз турдан кейін Зайнутдиновтың «Динамосы» турнир кестесінде екінші орында тұр (16 ұпай). Мәскеулік команда көш бастап тұрған «Краснодардан» төрт ұпайға қалып келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie