Айбар Жақсылықов «Қайсардан» кетуі мүмкін
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: aibar_zhaksylykov19 инстаграм парақшасынан
Қызылордалық «Қайсар» командасының шабуылшысы және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Айбар Жақсылықов командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 27 жастағы футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубынан ұсыныс түскен. Оның жаңа командаға ауысуы жазғы трансфер кезеңінде жүзеге асуы ықтимал.
Белгілі болғандай, «Қайсар» клубы қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Соның салдарынан команда негізгі ойыншыларының бірқатарынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы маусымда қызылордалық команда тек жергілікті, қазақстандық футболшылармен ойнап жүр. ҚПЛ-дың 12 турынан кейін «Қасқырлар» турнирлік кестеде 9-орында тұр.