locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанда фитнес жаттықтырушыларына қойылатын бірыңғай талаптар пайда болды

Бірыңғай талаптар кадрларды даярлау, құзыреттерді дамыту және мамандардың біліктілігін бағалаудың түсінікті жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі фитнес индустриясы мамандарына қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын белгілейтін «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіби стандартының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат сала жұмысын жүйелеуге, фитнес қызметтерінің сапасын арттыруға және дене шынықтыру мен халықты сауықтыру саласында жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Стандарт жобасы фитнес индустриясының негізгі мамандықтарын қамтиды. Олардың қатарында фитнес нұсқаушысы, тренажер залының фитнес жаттықтырушысы, топтық бағдарламалар жаттықтырушысы, мастер-жаттықтырушы, фитнес бағыты бойынша әдіскер және фитнес-орталық директоры бар.

Әр мамандық бойынша еңбек функциялары, қажетті білім, біліктер мен кәсіби дағдылар айқындалған. Бірыңғай талаптар кадрларды даярлау, құзыреттерді дамыту және мамандардың біліктілігін бағалаудың түсінікті жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа стандарттың негізгі міндеттерінің бірі — фитнес-клубтарға келушілерге көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру. Денсаулығын нығайтып, дене белсенділігін арттыру үшін спортпен айналысатын адамдар қажетті біліктілігі бар мамандардан кәсіби қолдау алуы тиіс.

Жоба әзірлену барысында фитнес индустриясының қазіргі қажеттіліктері мен нарық қатысушыларының практикалық тәжірибесі ескерілді. Құжатты әзірлеу жұмысына Қазақ ұлттық спорт университетінің, Invictus Academy және Champion Fitness School өкілдері қатысты.

Бұйрық жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, «Атамекен» ҰКП-мен, «Еңбек ресурстары орталығы» АҚ-мен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен келісілді.

«Туризм және спорт министрлігі үшін фитнес индустриясын дамыту — ең алдымен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі. Адам фитнес-клубқа келгенде кәсіби қолдауға ие болып, денсаулығын нығайтуға көмектесетін, қосымша қауіп тудырмайтын жағдайда жаттығуы керек. Мамандардың біліктілігіне қойылатын бірыңғай талаптар осындай кәсіби ортаны жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ведомствода.

Кәсіби стандартты әзірлеу Қазақстанда мамандарға қойылатын талаптары түсінікті, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін заманауи фитнес индустриясын қалыптастыру бағытындағы қадамдардың бірі болмақ.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie