locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси Роналдудың үйлену тойына шақырту алды

Журналист мәліметінше, салтанатты рәсімге әлемдік футбол жұлдыздары қатысады
Месси Роналдудың үйлену тойына шақырту алды
ФОТО: Getty images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жеке өміріндегі ең маңызды күндердің біріне қызу дайындалып жатыр. Журналист Эсебонья Луистің мәліметінше, футболшы мен Джорджина Родригестің үйлену тойына Лионель Месси мен Неймар да шақырту алған, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған дейін салтанатты шараға UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің де қатысатыны айтылған еді. Ресейлік спортшы Роналдумен достық қарым-қатынаста екенін бірнеше рет мәлімдеген.

The Sun басылымының хабарлауынша, үйлену тойы 8 тамызда Роналдудың туған жері – Мадейра аралында өтеді. Ақпаратқа сәйкес, неке қию рәсімі Фуншал кафедралды соборында ұйымдастырылып, кейін қонақтар бес жұлдызды қонақүйдегі мерекелік кешке барады.

Сондай-ақ дереккөздің айтуынша, қонақүй әкімшілігі келушілерге той өтетін күндері бірнеше қабат пен қоғамдық аймақтардың уақытша жабылатынын алдын ала ескерткен.

Роналду мен Джорджинаның махаббат хикаясы 2016 жылы басталды. Бүгінде жұп бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың екеуі Джорджинадан дүниеге келген.

Еске салайық, бұған дейін шетелдік БАҚ Роналду мен Джорджинаның үйлену тойы 8 тамызда Мадейрада өтетінін хабарлаған болатын.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie