locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси Аргентина сапындағы қоштасу матчы алдында жан тебірентерлік үндеу жасады

«Альбиселесте» капитаны Бенинге қарсы қоштасу матчы алдында жанкүйерлеріне үн қатты
ФОТО: Getty Images

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойыны алдында жанкүйерлеріне эмоционалды үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Аты аңызға айналған капитан Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенинге қарсы өтетін қоштасу жолдастық матчында «альбиселесте» жейдесін соңғы рет киюге дайындалып жатыр.

Месси жанкүйерлеріне жүрекжарды қоштасу сөзін арнады:

«Сол сәт келді. Мен жан тыныштығымен кетіп барамын, барымды салдым. Бұл жейде менің арманым, мақтанышым әрі өмірім болды. Махаббаттарыңыз үшін рақмет. Мен сіздерді әрдайым жүрегімде алып жүремін».

Бұл үндеу Аргентина футболы тарихындағы ең эмоцияға толы түндердің біріне санаулы сағаттар қалғанда жарияланды. 39 жастағы футболшы ұлттық құраманы Бенинге қарсы матчта алаңға бастап шығады. Ал «Монументаль» стадионында тұтас бір буын бойы «альбиселестенің» бет-бейнесі әрі капитаны болған ойыншымен қоштасу рәсімі өтеді.

Айта кетейік, Аргентина футбол қауымдастығының мәліметінше, Месси Аргентина негізгі құрамасы сапында 207 матч өткізіп, рекордтық 125 гол соққан. Бенинге қарсы кездесу оның ұлттық құрамадағы 208-ші әрі соңғы ойыны болады.

Аргентина - Бенин матчы 7 қазанға қараған түні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 04:00-де басталады.

Бұған дейін Мессидің Аргентина сапындағы қоштасу матчы дау-дамайдың ортасында қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie