locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен өте бақыттымын»: ПСЖ басшысы ФИФА президенті постына қатысты қауесеттерге жауап берді

ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи өз клубында өзін жақсы сезінеді
«Мен өте бақыттымын»: ПСЖ басшысы ФИФА президенті постына қатысты қауесеттерге жауап берді
ФОТО: Getty Images

ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи — медиа арасында ФИФА президенті лауазымына Джанни Инфантиноға қарсы үміткер ретінде аталатын тұлғалардың бірі. Париждік клубтың көпжылдық басшысы бұл ақпаратқа өз жауабын берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

ПСЖ УЕФА Суперкубогында қатарынан екінші рет жеңіске жетіп, бұл жолы «Астон Вилланы» тізе бүктірген соң, Еуропаның ең мықты командасының президенті қазіргі қызметінде өзіне бәрі ұнайтынын айтты:

«Мен ПСЖ президенті болғаныма өте, өте бақыттымын. Жалғастыра беретініме қуаныштымын. Маған сеніңіздер», — деді Әл-Хелаифи матчтан кейін журналистерге.

Айта кетейік, қазір УЕФА ішінде Джанни Инфантиноға қарсылас болатын үміткерді іздеуде белсенді жұмыс жүргізілуде. Әл-Хелаифиден бөлек, УЕФА президенті Александр Чефериннің де есімі аталған еді, бірақ ол да өз қызметін тастауға ниетті емес. Кейбір федерациялар, сонымен қатар, Польшаның «Легия» клубының иесі Дарьюш Мьодускиге қолдау көрсетуді талқылаған.

Сондықтан әзірге Инфантиноға қарсы нақты қарсылас жоқ, бірақ үміткер болғысы келетіндерге 18 қарашаға дейін өз кандидатураларын ұсынуға уақыт бар. ФИФА-ның жаңа президентін сайлау 2027 жылдың наурызында ұйымның Мароккода өтетін конгресінде өтеді. Бірінші турда жеңіске жету үшін 106 дауыс қажет.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie