Маусымды «Астанамен» бастап, «Астанамен» аяқтады: Дастан Сәтпаев – чемпиондық матчтың үздік ойыншысы
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының соңғы туры ерекше тарихи сәтпен есте қалды. Маусымның шешуші ойынында - «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесуде (1:1) алматылық шабуылшы Дастан Сәтпаев үздік ойыншы атанды.
26 қазанда «Орталық» стадионында өткен матчта дәл оның 56-минуттағы соққысы «Қайраттың» чемпиондық тағдырын шешті - команда есепті теңестіріп, чемпион атанды.
Тағы бір қызық жайт - дәл осы «Астанаға» қарсы ойын Дастанның маусымдағы жұлдызды жолының бастауы болған. Наурыз айында өткен 1-турда ол алғашқы голын дәл осы қарсыластың қақпасына соққан еді. Сол ойында да есеп 1:1 болып тіркеліп, Сәтпаев матчтың үздік ойыншысы атанған.
Осылайша, Дастан маусымды өзі бастағандай аяқтады - тағы да «Астана», тағы да шешуші гол және тағы да үздік ойыншы атағы. Маусым қорытындысы бойынша ол 14 гол соғып, чемпионаттың екінші сұрмергені әрі «Қайраттың» басты қаһарманына атанды