locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Чемпион боламыз деп сендім, тіпті ұтылып жатқанда да». Касабулат — «Астанаға» қарсы матч туралы

Алматылық команданың 22 жастағы қорғаушысының өмірінде соңғы бірнеше айда маңызды оқиғалар көп болды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Фото: instagram/kassabulat

26 қазанда Алматыда «Қайрат» «Астанамен» тең ойнап, чемпион атанды. Ойыннан кейін Sports24.kz тілшісі осы кездесудің қатысушыларының бірі — алматылық команданың қорғаушысы Дамир Касабулаттың пікірін жазып алды.

— Әрине, қобалжыдық. Бірақ өзімізге сенімді болдық, себебі біз маусым бойы жақсы ойын көрсеттік. Оның бәрін алаңда дәлелдеу керек болды, – деді Касабулат.

— Матч барысында ұтылып жатқандарыңызда да чемпион болатынымызға сенімді болдыңыздар ма?

— Иә, әрине. Бір гол соқсақ, бәрі түсінікті еді — біз чемпионбыз.

— Есеп 1:1 болған соң, нәтижені ұстап қалуға тапсырма болды ма?

— Жоқ, ондай нақты тапсырма болған жоқ. Ойынға байланысты өзіміз шештік. Басты мақсат — екінші, үшінші гол соғу. Жеңіске жету керек болды, себебі трибунада жанкүйер көп еді, біз міндетті түрде чемпион болуымыз қажет еді.

— Соңғы айларда өміріңізде көп оқиға болды: Қазақстан құрамасына шақырту, командамен бірге Чемпиондар лигасына шығу, үйлену тойы, енді чемпиондық. Мұның бәрі түс секілді сезіле ме?

— Бәлкім, солай шығар. Бірақ мен күнде еңбек етемін, Алла соның жемісін беріп жатыр деп ойлаймын.

— Келесі жылы осы жетістіктерді қайтадан қайталай аласыздар деп ойлайсыз ба?

— Келесі жыл... Ойланамыз. Әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, «Қайраттың» ойыншысы Гиорги Зария алматылық команданың қатарынан екінші мәрте чемпион атануы туралы пікір білдіріп, футболшылар тарихта алтын әріппен жазылды деп атап өтті. Ал сары-қаралардың қорғаушысы Александр Мрынский «Астанаға» қарсы матчтың соңында команданың сәл жолы болғанын, бірақ чемпиондық әділ екенін мойындады.

ҚПЛ-дың соңғы турында «Қайрат» басты бәсекелесі «Астанамен» тең ойнап (1:1), Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанды. Толығырақ — мұнда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie