Шерхан Қалмұрза — чемпиондық туралы: Сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын
«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Алматы командасының 2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды SPORT+.
«Бізді қолдаған әр адамға, әр жанкүйерге алғыс айтамын. Мұнда керемет атмосфера, керемет эмоциялар — бәрі тамаша. Әлі күнге дейін сезімім басым: қуаныш, толқу — бәрі жүректі тербетеді. Барлық адамға — басшылыққа, бапкерге, әр футболшы мен әр қызметкерге алғыс білдіремін», — деді қақпашы «Астанаға» қарсы өткен матчтан кейін.
Қазақстан Премьер-лигасының 26-турындағы өз алаңындағы ойында «Қайрат» «Астанамен» тең түсті (1:1) және қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
КПЛ-дің соңғы турында «Қайрат» басты қарсыласы «Астанамен» тең ойнап (1:1), 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Бұл қалай болғанын — мына жерден оқи аласыз.