locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» - 2025 жылдың Қазақстан чемпионы

«Қайрат» тағы да тарих жазды: екінші жыл қатарынан чемпион
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайрат» - 2025 жылдың Қазақстан чемпионы
ФОТО: Қайрат ФК

26 қазан күні Алматыда маусымның ең маңызды ойыны өтті. «Орталық» стадионында өткен кездесуде «Қайрат» пен «Астана» тең ойнап (1:1), турнир кестесінде көшбасшылық орнын сақтап қалып, Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанды.

Есепті 15-минутта елордалық клубтың капитаны Марин Томасов ашты. Алайда екінші таймда алматылықтар таразы басын теңестірді - Дастан Сәтпаев 56-минутта тамаша соққымен гол салып, командасына алтын медальді алып келді.

ҚПЛ, 26-тур
«Қайрат» — «Астана» — 1:1 (0:1)
Голдар: Томасов, 15 (0:1). Сәтпаев, 56 (1:1).

Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші жыл чемпион атанып, өз тарихында бесінші рет Қазақстан Премьер-лигасының алтын медалін жеңіп алды.
Алматылық команда маусымды 59 ұпаймен аяқтап, басты қарсыласы «Астанадан» екі ұпайға озып кетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie