locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Мрынский «Қайраттың» екінші чемпиондығы туралы: Маусым қиын өтті, бірақ біз мықты екенімізді дәлелдедік

Алматылық клуб тарихындағы бесінші және қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Александр Мрынский «Қайраттың» екінші чемпиондығы туралы: «Маусым қиын өтті, бірақ біз мықты екенімізді дәлелдедік»
ФОТО: ФК Қайрат

«Қайрат» қорғаушысы Александр Мрынский командасының қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионы атанғаннан кейінгі әсерімен бөлісті.

КПЛ-дың соңғы, 26-турында алматылықтар «Астанамен» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже «Қайратқа» маусымды 59 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінің шыңына қайта оралуға мүмкіндік берді.

«Эмоциялар керемет! Екінші жыл қатарынан «Қайратпен» чемпион атану – бұл ерекше сезім. Біз бұл жетістікке лайық болдық. Апта оңай болған жоқ – екі ауыр матч: Чемпиондар лигасында «Пафоспен» және «Астанамен» кездесу. Концентрацияны сақтап, қажетті нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын», — деп бөлісті Мрынский Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, КПЛ тарихындағы рекордтық чемпиондық көрсеткіш «Астанаға» тиесілі – елордалық клубтың еншісінде жеті чемпиондық бар. Ал «Қайрат» енді бесінші трофейін жеңіп алып, бұл көрсеткіш бойынша «Ақтөбе» және «Ертіcпен» теңесті.

Сондай-ақ, «Қайрат» қорғаушысы Чемпиондар лигасының ойындарын Астанаға ауыстыру мүмкіндігі туралы да пікір білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie