locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марадонаның «құдайдың қолы» аңызымен байланысты жәдігер орасан зор сомаға сатылды

Осы гол соғылған доп аукционда 3,3 миллион долларға өтті
Марадонаның «құдайдың қолы» аңызымен байланысты жәдігер орасан зор сомаға сатылды
ФОТО: x.com/alimo_philip

Диего Марадона қолымен гол соққан 1986 жылғы әлем чемпионатының Англияға қарсы матчында қолданылған доп аукционда 3,3 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Telegraph дерегінше, америкалық Heritage Auctions аукцион үйі бұл ерекше жәдігер үшін он миллион доллар алады деп күткен, алайда сауда 3,3 миллион долларда тоқтады.

«Бұл – өз санатында теңдессіз зат. Мүмкін, барлық футбол артефакттарының ішіндегі ең маңыздысы», – деп мәлімдеді аукцион алдында Heritage маманы Майк Провензале.

Бұл сома Марадона сол ойында киген жейденің бағасынан әлдеқайда төмен болды: 2022 жылы ол аукционда 9,5 миллион долларға сатылған еді.

Ал доптың өзі матчтың төрешісі, тунистік Әли Бин Нассерде сақталған. Ол сол кезде қақпаға голды қате есептеген болатын. Доп отыз жылдан астам оның жеке коллекциясында болды. Төрт жыл бұрын ол оны 2,3 миллион долларға сатқан еді. Жаңа иесі қайтадан аукционға шығарды, бірақ бұл жолы бағасы минималды деңгейге жетпеді.

Сол жылы Бин Нассер матчта дәл осы доп қолданылғанын растайтын хатқа қол қойған. Кейін бұл факт тәуелсіз сараптамамен де расталды.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie