Марадона өлімінің ісіндегі жаңа бұрылыс: сот өлімге әкелген қателікке байланысты тоқтап қалды
Әлемдік футбол аңызы Диего Армандо Марадона өлімінің себептерін тергеу бес жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді және әр жолы тергеу барысында түрлі кедергілер туындап отыр. Бұл жолы істі тоқтатуға өлімге әкелген қателік себеп болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Латын Америкасының TyC Sports басылымының мәліметінше, екінші процестің 30-дан астам тыңдауы өткен кезекті отырысында адвокат медициналық комиссияның қателесіп, Диегоға емес, оның әкесі — Дон Диего Марадонаға тиесілі зерттеулерді талдағанын анықтаған. Дон Диего Марадона да 2015 жылы Swiss Medical-да ем қабылдаған болатын.
Бұл қате комиссия құрамына кірген 20 сарапшының бірі түсінік берген кезде белгілі болды. Ол Марадонаның бүйрек қызметіне қатысты зерттеулер жайлы айта бастағанда, адвокат деректерді салыстырып, олардың сәйкес келмейтінін байқаған.
Мұндай жаңсақтық Швейцария клиникасындағы деректердің шатасып кетуінен орын алған болуы мүмкін деп есептеледі: клиника Марадона мен оның әкесінің медициналық мәліметтерін бірге сақтап, сот-медициналық сарапшылар соларды пайдаланған.
Айта кетейік, бұған дейін де сотты қайта бастауға тура келген – себебі судьялардың бірі тергеу туралы деректі фильм түсіріліміне қатысқан, ал бұл заңмен тікелей тыйым салынған.