«Манчестер Сити» мен «Ювентус» арасындағы жарыс. Клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы G тобының қорытындысы
26 маусымнан 27 маусымға қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатының G тобындағы соңғы екі ойын өтті. «Манчестер Сити» «Ювентусты» талқандаса, «Әл-Әйн» «Видадты» минималды есеппен ұтты.
Топтағы плей-офф жолдамасы екінші турдан кейін шешіліп қойған болатын, «Сити» мен «Юве» арасындағы соңғы матчта тек топтағы орындарын анықталды. Бұл кездесуде «қалалықтар» жеңіске жетіп, тоғыз ұпаймен көш бастады, туриндіктер алты ұпаймен екінші орында.
Ештеңе шешпеген ойында «Әл Әйн» турнирдегі алғашқы ұпайларын жинап, абыроймен үйіне қайтты, ал «Видад» Мароккоға үш жеңіліспен оралуға мәжбүр болды.
Турнирдің 1/8 финалында «Сити» Н тобындағы екінші клубпен ойнайды, «зебралар» өз кезегінде сол топтың көшбасшысымен кездеседі.
Н тобындағы жағдай біршама бәсекелес, «Реал», «Зальцбург» және «Әл-Хилал» соңғы матчқа дейін күресуде.