Гвардиола әлем чемпионаты кезіндегі ауа-райы туралы: Ыстық көрініп тұр. Біз оны өзгерте алмаймыз
«Манчестер Сити» футбол клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола АҚШ-та өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы ауа райы жағдайына пікір білдірді.
«Ыстық – анық нәрсе. Біз оны өзгерте алмаймыз. Сондықтан Атлантадағы соңғы стадиондағыдай ойнаған дұрыс. Бұл тамаша болды! Бірақ менің ойымша, барлық командалар бұған бейімделуі керек. Келесі әлем чемпионатына дейін адамдар бұл мәселе жайлы хабардар болады, бірақ біз қиналуға дайын болуымыз керек», – деді Гвардиоланы BBC келтіреді.
26 маусымда «Манчестер Сити» топтың жеңімпазын анықтайтын матчта «Ювентуспен» кездеседі.
Клубтық әлем чемпионатына қатысты ұйымдастыру мәселелеріне байланысты сын-пікірлер бұған дейін де айтылған. Мәселен, мадридтік «Атлетико» ойыншысы Маркос Льоренте алғашқы матчтағы жеңілістен кейін ауа райының ыстығына шағымданған болатын.