locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Норвегиялық робот! Эрлинг Холанд мансабындағы 300-голын соқты

Бұған жету үшін футболшыға 371 матч қажет болды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Ситидің» 24 жастағы норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд кәсіпқой мансабындағы 300 гол көрсеткішіне жетті.

Ол өзінің маңызды голын клубтық әлем чемпионатының G тобының 3-ші турында «Ювентусқа» қарсы ойында соқты. 52-минутта ол әдеттегі стилімен ерекшеленді - қарсыластың бос қақпасына жай ғана соққы жасады. Айта кетейік, ол екінші таймда алаңға шыққан болатын.

Осылайша, жас шабуылшы өз мансабындағы 300 гол көрсеткішіне жетті - «қалалықтаржың» құрамында ол 123 гол, дортмундтық «Боруссия» жейдесінде 86, «Зальцбургте» 29, «Мольде» сапында 20 гол соқты. Футболшы Норвегия құрамасы сапында да 42 гол соғып үлгерді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie